Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаламызда жағдай тұрақты — елорда әкімі

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы өз парақшасында тұрғындарды төтенше жағдай режимінің барлық ережелерін сақтауға және сенімді дереккөздерде жарияланған ақпараттарға ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қала тұрғындары! Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының барлығы жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Елорданың периметрі бойынша блокпостар орнатылды, полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралауда.

Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады.

Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ерімеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын!»,- деп жазды қала әкімі.











Жоғары қарай