Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қалдықтарды өңдеуде сұрыптау пунктері тек 40 пайызға жүктелген

2021 жылдың 3 қараша 2021 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутат Абилфас Хамедов тұрмыстық қалдықтарды жинаудағы проблеманы көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Проблемалардың бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуге байланысты. Жыл сайын Қазақстанда 5 млн тонна қатты тұрмыстық әрі құрылыс қалдықтары жиналады. Алайда сұрыптау пунктері тек 40 пайызға жүктелген. Өңдеуші кәсіпорындар шикізаттың бұдан артық көлемін қабылдауға әзір, алайда қатты тұрмыстық қалдықтар бөлектеп жинау жүйесінен өтуі керек. Бұл жұмыстар елімізде тиісті деңгейде емес. Ал құрылыс алаңдарынан шығарылған қалдықтар өңделмей, шұңқырлы жерлерге төгіліп келеді», - деді Абилфас Хамедов Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, қалдықтардың түрлі типтері үшін арнайы контейнерлерді орнату қоқысты іріктеп жинауды жеңілдетіп, қайта өңдеудегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда 3030 полигон бар, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтардың 600 полигоны экологиялық әрі санитарлық нормаларға сай келеді», - деді депутат.

Осы орайда ол аталған салада рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды сұрап, сондай-ақ қажетті өндірістерге жер телімдерін бөлуге қатысты ұсыныс айтты.


Жоғары қарай