Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Калифорния билігі трассада 100-ге жуық көлікке оқ жаудырғандарды таба алмай жатыр

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:52

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Калифорния полициясы соңғы айда осы штаттың оңтүстік бөлігіндегі жоғары жылдамдықты бірнеше трассаларда жүздеген автокөлікті, болжам бойынша пневматикалық карумен атқылаған бір немесе бірнеше қаскүнемді іздестіруде. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті жол полициясының қызметкері Джей Санчестің айтуынша, осы оқиғалардың салдарынан Лос-Анджелес, Ориндж және Риверсайд округтерінде бір адам кішігірім жарақат алып, бірнеше автокөлік қатты зақымданған, себебі алдыңғы әйнексіз қалған. Кезекші полицей әзірге құрбандардың болмауының сәттілік екенін атап өтті. Күре жолдар жоғары жылдамдықты болғандықтан, әйнек пен дөңгелектің зақымдануы жол-көлік оқиғасына ұласуы мүмкін.

Атыс түрлі аудандарда, түрлі уақытта болғандықтан, қаскөйлерді іздестіру қиынға соғуда, дейді полиция. Сол себепті құқық қорғаушылар әзірге тіпті атыс болған аумақтарды да анықтай алмай отыр.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай