Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қамауда отырған мемлекеттік қызметшілер туралы ролик дайындалып жатыр

2019 жылдың 30 шілде 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жемқорлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған мемлекеттік қызметшілер туралы видеороликтер дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тұтқындау фактілерін көрсеткен болатынбыз. Кеше ғана өзімен бір қатарда жұмыс істеп жүрген адамның ұсталғанын көру адамдарға ой салуы тиіс. Мен барлық мемлекеттік қызметшілерді ойлануға шақырамын. Келісімге бармас бұрын өзіңіз және жақындарыңыз туралы ойланыңыз», - деді Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлыққа қарсы шаралар жөнінде өткен кеңесте.

Оның сөзіне қарағанда, агенттік жемқорлық үшін жазасын өтеп жатқан мемлекеттік қызметшілер туралы роликтер топтамасын ұсынбақ.

«Ол роликтерд мемлекеттік қызметшілер жазаны өтеп жатқан орындардан сұхбат беріп, бірнеше жыл үйінен алыста қалай өмір сүріп жатқанын, заңсыз әрекеттері үшін өкінетінін әңгімелейтін болады. Жақында ішкі қауіпсіздік басқармасы сотталған қызметкеріміз туралы ролик жасады. Біз өзімізге келгенде мүлде қаталмыз. Тағы бір тергеуші Оңтүстік Қазақстан облысында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қостанай облысында да бір қызметкер сотталды. Оның үкім оқылғаннан кейін әке-шешесімен кездескен сәті кадрға ілінді. Қарт адамдардың баласын құшақтап жылағанын көрудің өзі ауыр. «Ұлдарының шыққан сәтін көре ала ма» деген сұрақ туады», - деді ол.

Жоғары қарай