Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Канадалық турист смартфонға тәуелділігін Моңғолияға сапары арқылы еңсерді

2020 жылдың 2 қаңтар 2020 22:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канада азаматы Джейми Кларк смартфонға тәуелділігін жеңе алмай жүрген ұлын Моңғолияға ертіп апарып, әке мен бала 2 200 шақырымды жүріп өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі montsame.mn сайтына сілтеме жасап.

Джейми Кларк қызықты сапарға ұлын ертіп алыпты. Канадалық азамат ақпараттық технологиялар заманында ұлының өзімен ашық әңгімелесуден қалып, отбасылық құндылықтарды екінші орынға ысыра бастағанын айтады. Міне, осы проблеманы жеңу үшін әкесі өміріндегі ең ұзақ сапарға ұлымен бірге шығады.




BBC агенттігіне сұхбат берген Джейми Кларк ұлымен бірге 28 шілдеде Моңғолияға жетіп, жаяу, салт атты, кейде мотоциклмен 2 200 шақырымды жүріп өткенін айтып берген. Жиһангездер жолда күрке құрып, ұйықтапты. Осы аралықта Кларк мобильді телефонды пайдалана алмаған. Алайда ұзақ жолдан кейін ұлы осынау сапарды өмірінің ғанибетті сәттеріне теңеп отыр. Канадалық азамат сапар барысында ой түйіп, әкесімен қарым-қатынасын қайта жақсартқан екен.




Джейми Кларк: «Бұл сапар ұлымды терең түсінуге мүмкіндік берді. Ұлымның үлкен азамат болғанына көзім жетті», - деді.





Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Туризм, Әлем,
Жоғары қарай