Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.



Жоғары қарай