Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Қанат Исламның келесі жекпе жегі қашан өтетіні белгілі болды

2019 жылдың 8 тамыз 2019 17:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында біз жарыстан соң Qazaq Promotions басшысымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Оның қолдауы біздің ынтамызды арттыра түсері сөзсіз. Біздің тауда жүргенімізге он күн болды. Осында жарысқа дайындалып жатырмыз. Келе жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкада әрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді, әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегі Qazaq Promotion каналында жарияланған видеода.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізген болатын. Онда ол алғашқы раундтың 14 секундында доминикандық Хулио де Хесусаны нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO International белбеуін жеңіп алған болатын.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Жоғары қарай