Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қанат Мусин ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қанат Мусинді ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенат Бюросының қаулысына және Сенат Регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ҚР Президенті ұсынған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.

ҚР Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылады», - деді сенатор Владимир Волков Сенат отырысында.

Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Парламент, Сенат, Сот,
Жоғары қарай