Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қандай жолаушылар пойызының тоқтайтыны белгілі болды

2020 жылдың 4 шілде 2020 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдеден бастап елімізде бірқатар бағытта жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен осы жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 шілдеден бастап 22 бағдар бойынша қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Бұған қоса, жолаушылар пойыздарындағы жалпы вагондар және Тальгоның 6 пойызындағы отырып баратын вагондар жабылады.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920