Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

«Канело» Ковалевті нокаутпен жеңді

2019 жылдың 3 қараша 2019 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды.

«Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. Альварес кәсіпқой мансабындағы 53-жеңісіне қол жеткізді, ал Ковалев төртінші рет жеңілді.

Мексикалық боксшы осымен төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр. 29 жастағы боксшы бұған дейін бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай