Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Канело» мен Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексика боксшысы Сауль Альварес пен түрік спортшысы Авни Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған сомасы аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Йылдырымның небәрі үш раундқа созылған жекпе-жек үшін алған гонорары 2,5 миллион долларды құраған. «Канело» болса, «сегіз таңбалы соманы» алған. Кейбір шетелдік БАҚ гонорар цифрын де атады, бұл 30 миллионға жуық доллар.

Еске сала кетсек, Альврес Йылдырыммен айқаста WBA Super және WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғап шықты. Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін 8 мамырда өткізеді – онда ол британдық боксшы Билли Джо Сандерспен жұдырықтасады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай