Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қанша қазақстандық салық декларациясынан өтті

2021 жылдың 15 маусым 2021 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей салық декларациясының аралық нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының инфрақұрылымын кеңейту бойынша тиісті шаралар қабылданды. Халыққа ыңғайлы болу үшін декларация тапсыруға электрондық қызметтер – салық төлеуші кабинеті, «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы бар», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, декларациялаудың бірінші кезеңі аясында бүгінгі күні 462 мыңнан астам адам салық есебін ұсынды.

«Бұл биылға жоспарланған көрсеткіштің 97 пайызын құрады. Жалпыға бірдей декларациялауды соңына дейін енгізгенге дейін кең ауқымды түсіндіру іс-шаралары жалғасады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады.

Қаржы министрі Ұлттық қордың қазіргі жағдайы туралы баяндады.


Жоғары қарай