Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаңтар оқиғалары: Өртенген автокөліктер шығыны қалай өтеледі

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев өртенген сақтандырудағы автокөліктер шығыны қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда тәртіпсіздік кезінде несиеге рәсімделген көптеген автокөліктер өртенді. Адамдар оның несиесін төлеуді жалғастыру қажет пе деген сұрақ қойып жатыр. Зардап шеккендердің сақтандыру полисінде «Терроризм актісі» тармағы қарастырылмаған, сондықтан келтіріген залалды кім өтейді?», - деп сұрақ қойды журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Несиеге алынған барлық автомобильдер сақтандырылған. Әрине, әрбір шартты жеке-жеке қарастырып шығу керек: қандай ерекше жағдайдар көрсетілген, төлем жасауға қандай негіздер бар? Сондықтан агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру қажеттілігі туған барлық сақтандыру полюсі бойынша төлем жүзеге асырылуы үшін жан-жақты шаралар қабылдайды», - деп түсіндірді Александр Терентьев.

Спикердің айтуынша, төлем жасалмаған жағдайда сақтандырылушы азамат сақтандыру омбудсменіне және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

«Тұрғындардың әрбір өтініші қаралатын болады», - деді А. Терентьев.


Жоғары қарай