Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаңтар оқиғасы: ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ өкілдері үшін брифинг өткізді

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 16:30

ВЕНА. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Венаға жұмыс сапары барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстанда қаңтар айында болған оқиғалар туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Тілеуберді ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің өкілдерін болған оқиғаның себептері, терроризмге қарсы операцияның нәтижелері, ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясы туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта елдегі жағдай толығымен тұрақтанғанын және Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатын жалғастырып, барлық халықаралық міндеттемелерін ұстанатынын ерекше атап өтті.

Министр сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына қойған елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі міндеттері, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жаңа пакеті туралы хабардар етті.

Сапар аясында М.Тілеуберді ЕҚЫҰ басшылығымен - Бас хатшы Хельга Шмид, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччи, ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Маргарета Седерфельтпен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылап, Мемлекет басшысының жаңа реформалары аясында одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын белгіледі.

ҚР СІМ басшысы Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Александр Шалленбергпен екіжақты кездесу өткізді. Олар өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын ескере отырып, биылғы жылы өтетін іс-шараларға ерекше назар аударылды. Тараптар екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаласты. Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер аустриялық және шетелдік БАҚ үшін бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Оған қоса, М. Тілеуберді аустриялық және еуропалық журналистер үшін жеке брифинг өткізді.


Жоғары қарай