Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаңтар оқиғасы: Шымкенттік полицей бұзақылардың автобусты өртеуіне жол бермеген

2022 жылдың 23 қаңтар 2022 09:38

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Жаппай тәртіпсіздік кезінде шымкенттік полицей бұзақыларға тосқауыл болып, жолаушылар автобусын өртеуге жол бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жалғасхан Толыбайдың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, кеңінен таралды.

Көпшілік қауым тәртіп сақшысының антына деген адалдығына тәнті болды.

Ал, автобусқа иелік ететін мекеме басшылығы полиция қызметкеріне арнайы алғысын білдірді.

«2022 жылдың 5 қаңтарында Шымкент қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде «T-BUS» ЖШС-нің үш автобусын террористер өртеп жіберді. Ал төртінші автобусты Жалғасхан Толыбай өртеуге жол бермеді. Өзі көлік руліне отырып, қауіпсіз жерге аман-сау жеткізген. Жалғасхан Оразалыұлына мекеме атынан алғысымызды жеткізе отырып, қызметіне табыс, жанұясына амандық тілейміз», -дейді «T-BUS» ЖШС басшысы Р.Ж.Нұрмұхамедов.




Жалғасхан Толыбай - Түркістан облысы Жетісай қаласының тумасы. Алматы қаласы ІІМ академиясының түлегі.

Еңбек жолында Түркістан облысы Ордабасы ауданында учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған.

Қазіргі таңда жас полицей Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі болып абыройлы еңбек етіп жүр.


Автор Қайрат Зайнишев
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға, Полиция,
Жоғары қарай