Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қаңтар-тамыз аралығында бюджет кірісі 7,1 трлн теңгеге жетті - Ерұлан Жамаубаев

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 11:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың 8 айында бюджетке түскен кіріс 7 трлн 139 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұ туарлы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Оның айтуына қарағанда, тамыз айының соңындағы мәлімет бойынша, мемлекеттік бюджетке 7 трлн 139 млрд теңге сомасында кіріс түсіп, жоспар 105,3%-ға орындалған. Соның ішінде республикалық бюджетке 4,6 трлн теңге түсіп, жоспар 100,7%-ға жүзеге асырылған. .

«Кірістер бойынша жоспар 30 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салық жоспары 17 млрд теңгеге артық орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа, корпоративтік табыс салығына тиесілі болды», - деді министр.

Алайда шикі мұнайға салынатың экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалмаған.

«Бұл Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жүргізілуіне және шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты болды. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда үшінші елдермен тауар айналымының 6,7%-ына немесе 875 млн долларға, оның ішінде шілде айында импорт көлемінің 26%-ына немесе 645 млн долларға төмендеуіне байланысты болды», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Қаржы министрі салықтық емес түсімдердің қалай өзгергеніне тоқталды. Айтуынша, мұнда жоспар асыра орындалған. Оған негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар есебінен себепкер болған.

«Жергілікті бюджеттердің кірістері 115%-ға атқарылды және 2 трлн 547 млрд теңгені құрады. Жоспар 332 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 280 млрд теңгеге асыра орындалды.Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Жоғары қарай