Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаңтар трагедиясы: Бас прокуратура тергеу кезінде күш қолдану деректерін апта сайын жариялап тұрады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура процессуалдық іс жүргізу кезінде күш қолдану фактілері бойынша жүргізілетін тексерулердің нәтижесін апта сайын жариялап тұрады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова құзырлы органмен осындай келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қаңтарда Бас прокуратура өкілдері прокуратура органдарына құқық қорғау органдарының тергеу барысында заңсыз тергеп-тексеру әдістері мен азаматтардың құқықтарын бұзуына қатысты 109 арыз-шағым түскенін хабарлады. Тексеру нәтижесінде 21 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде тек біреуін арнайы прокурорлар, қалған 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тергеп жатыр. Арызданушыларды қайта жәбірлеуге жол бермеу үшін барынша шаралар қабылдау қажет. Қылмыстық істердің бірі менің атыма келіп түскен арыздардың негізінде Қылмыстық кодекстің 145-бабы бойынша қозғалған», - деді ол «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, Эльвира Әзімова процессуалдық іс жүргізу барысында күш қолдану фактілері туралы басқа шағымдар да тексерілетінін жеткізді.

«Бас прокуратурамен олардың нәтижелерін апта сайын жариялап тұру туралы келісімге келдік», -деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.


Жоғары қарай