Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Капотта отырған: Көлік айдап әкеткен жасөспірімдердің бірі ауруханаға түсті

2021 жылдың 12 маусым 2021 20:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жасөспірімдер көлікті рұқсатсыз айдап әкеткен. Капоттың үстінде отырып видео түсіргендердің бірі құлап кетіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше жасөспірім аулада тұрған көлікті рұқсатсыз алып, өзен жағасына барған. Кері қайтар жолда екеуі көліктің капотына мініп, телефонға видео түсірген. Сол кезде бірі абайсызда құлап кеткен.

«Ой-шұңқырлы жолда кәмелет жасқа толмаған бала құлап қалып, дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу« бабымен тергеу басталды.

Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы мұндай оқиға көбіне жол ережесін бұзу мен мәдениетсіздіктен туындайды. Әр адам жол ережесін біліп, сақтауы тиіс. Тіпті рульде жасөспірім отырса да осыны ескеруі қажет.

Ал ата-ана баласына жауапты екенін тағы бір рет еске саламыз»,- деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.


Жоғары қарай