Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қапшағай маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлады

2020 жылдың 1 маусым 2020 18:10

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысының Қапшағай қаласының маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлады. 24 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында «Алматы-Өскемен» тасжолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ұшу құралы - жекеменшік. 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді» делінген Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұшқыштың сөзінше, олар шамамен 5-10 метр биіктікке көтерілген кезде дельтапланның қозғалтқышы өшіп қалған. 1979 жылғы азамат ұшу құралын шамасы келгенше басқара отырып, жолдың жиегіне құлаған.

Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінің 10 маманы мен 3 техника барған.














Жоғары қарай