Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағай су қоймасында 19 жастағы жігіт суға батып кетті

2020 жылдың 25 маусым 2020 18:12

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасында 2001 жылы туған азамат қаза тапты. Қайғылы жағдайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға 24 маусым күні түстен кейін болған. 6 бала катамаранға мініп, судың терең жеріне яғни, шамамен жағалаудан 500 шақырым жерге барып, кезек-кезек секірген. Сол сәтте 2001 жылы туған жігіт судан шықпай қалған. Қол-аяғы тартылып қалды ма, ол жағы белгісіз. Демалушыларға рұқсат етілмеген жерге суға түспеу керектігін ескертеміз» деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, көз жұмған жас жігіт Алматыдағы колледждердің бірінен диплом алып, достарымен бірге Қапшағай су қоймасына келген.

Өкінішке қарай, демалушылардың қуанышы қайғылы жағдаймен аяқталды.


Жоғары қарай