Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қапшағайда екі күн карантинде жатқан 64 жұмысшы дерттен сау болып шықты

2020 жылдың 25 сәуір 2020 12:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне орналастырылған Теңіз кеніші қызметкерлері COVID-19 инфекциясына анализ тапсырған болатын. Бүгін сол зерттеулердің қорытындысы белгілі болды. 64 азаматтың барлығының қорытындысы таза болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі күн карантинде болған Алматы облысының тұрғындары бүгін арнайы көліктермен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.

Еске салсақ, кеше «Атырау–Алматы» әуе рейсімен келген «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін Алматы облысының 64 тұрғыны Қапшағай маңындағы «Күншуақ» демалыс орнына орналастырылып, карантинге алынған болатын.


Жоғары қарай