Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағайда  жоғалған 4 жасар қыз бала аман-есен табылды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 22:54

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайда жоғалған 4 жастағы қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір сәтке кішкентай қызын көзінен таса қылған анасы оны жоғалтып алған.

Баланың анасы өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген «Бүркіт 258» патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде бір сағат ішінде қыз көрші шағын ауданда жүрген жерінен табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды»,-дейді Қапшағай қаласы полиция басқармасының бастығы полиция майоры Манат Айтмұханбетов.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы және мұқият болуға шақырады.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай