Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар, боран, жел: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 25 ақпан 2021 00:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 25 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Елдің оңтүстік-шығысында жел екпіні 30 м/с жетеді және одан асады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел жылдамдығы - 30 м/с және одан асады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің күші - 25 м/с.

Павлодар облысы, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай