Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар, тұман, бұрқасын – cенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 21 қараша 2020 00:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын әлі де антициклон анықтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Түркістан облыстарында жаяу бұрқасынмен. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай