Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар, тұман, көктайғақ: Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 24 қараша 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болады.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман, көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай