Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарабатанда қап-қара түтіннің қайдан шығып жатқаны анықталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 16:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының экология департаменті Қарабатан кенті аумағында атмосфералық ауада қара түтін іздері бар ластаушы заттардың шығарылғанын анықтады. Бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетейік, таяуда бірқатар басылымда және әлеуметітк желілерде Қарабатанда ауаға тараған қою қара түтіннің суреті жарияланған еді.

Осыған байланысты аталмыш департамент қызметкерлері мобильді жылжымалы зертханаға Қарабатан ауданына барды.

«Осы қара түтін Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының филиалы «Болашақ» МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысынан шығып жатқаны анықталды. Сондай-ақ департамент қызметкерлері МГКДҚ зауытының СҚА шекарасының іргелес аумағындағы атмосфералық ауаны өлшеді» делінген хабарламада.

Осы өнеркәсіптік объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды. Оның нәтижесі қосымша хабарланады.


Жоғары қарай