Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қарағанды дәріханаларына медициналық масканың алғашқы партиясы келіп түсті

2020 жылдың 12 наурыз 2020 19:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында емханалар жанында орналасқан барлық әлеуметтік дәріханаларға медициналық маскалардың алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 12 наурызда Қарағанды облысының әлеуметтік дәріханаларына медициналық маскалардың алғашқы партиясы әкелінді. «МФ Мерей» ЖШС өткен аптада Қарағанды облысын қамтамасыз ету үшін үш қабатты медициналық маскалар өндірісін іске қосты», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар ведомствода маска облыстың әлеуметтік дәріханаларында 40 теңгеден сатылып жатқанын жеткізді.

Облыс билігі коронавирус инфекциясының пайда болуына жол бермес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ» дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.












Жоғары қарай