Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды қаласында бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті

2021 жылдың 29 маусым 2021 19:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында биылғы жылдың 26 маусымы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және астана Күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы ауқымды да, көрнекті ұлттық спорт түрі бойынша жарыста жеңіс үшін еліміздің өңірлерінен 150(!) шабандоз бақ сынасты. Біріншіліктің ашылу және марапаттау рәсіміне өңіріміздегі ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Нұрсерік Шәріпов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті Кендебай Адамбеков, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев және басқалар қатысты.








Турнир келешекте ипподром салынатын және спортшыларымыздың жаттығулары үшін лайықты өз базасы болатын жерде өткенін атап өткен жөн. Бұған қоса, бұл республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді, әрі ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық тудырып, әлбетте, жақсы насихат болады.

Өткен сенбі күні болған бәйге жарысы – соның айғағы. Бәйге жарысының барлық түрлерінде - тай жарысы, құнан жарысы, топ бәйге және әрине, аламан бәйге – қатаң, тартымды сайыс болды. Үздік жігіттер мен ең жүйрік аттардың иелері Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының демеушілігі есебінен бағалы сыйлықтармен, кубоктар және медальдарымен, марапатталды.








Аламан бәйгеде (25 ш.) басты жүлде – автокөлік, бәйгенің тағы екі түрінде (тай және құнан жарысы) – мотоциклдер, топ бәйгеде – ақшалай сыйлық 1 млн.тг. Екінші орыннан бастап бесінші орынға дейін ие болған жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды облысының жауынгерлік өнер Қауымдастығы үш номинация бойынша арнайы сыйлықтар тағайындады. Турнирдің ұйымдастырылуы мен жоғары деңгейде өткізілуіне Қарағанды облысының «Арқа» бәйге федерациясы үлкен үлес қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағын жеңіп алғандар:

Аламан бәйге

І- орын – Алматы облысы, Секенай Бөбекбай (Мамайқара)

ІІ - орын – Жамбыл облысы, Берік Оңалбаев (Қарақұс)

ІІІ - орын – Ақтөбе, Қазбек Әлешев (Қайнар)

Топ бәйге

І - орын – Қарағанды облысы, Нұрлыбек Мұхамедияров (Ботагөз)

ІІ - орын – Баянауыл, Сүтжан Каримов (Желқара)

ІІІ - орын – Жамбыл облысы, Жандос Қадырманов (Еспера)

Құнан бәйге

І - орын – Жамбыл облысы, Мұрат Өсербаев (Құралай)

ІІ - орын –Шығыс-Қазақстан облысы, Қуат Үсенов (Қарақат)

ІІІ - орын – Алматы облысы, Іле ауд, Жанколиков әулеті (Лидер)

Тай жарыс

І - орын – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұрлан Намысов (Нұрақасқа)

ІІ - орын – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Әсен Саламат (Ақбота)

ІІІ - орын – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Темірхан Тоқбергенов (Аққоян).





Басты сөздер: Қарағанды облысы, Спорт,
Жоғары қарай