Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды Қоғамдық кеңесіің мүшелері көп балалы аналардың сұрақтарына жауап берді

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 18:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекетбасшысының бастамаларын қолдау мақсатында Азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауда көп балалы аналар мен жалғыз басты аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға қатысты

бастамасымен үндесе отырып, Қарағанды қаласының Қоғамдың кеңесінің төрағасы Қабдығали Оспановтың бастауымен азаматтарды қабылдау өткізді.

Айта кету керек, Қоғамдық кеңес – Қарағанды қаласындағы азаматтық қоғам мен халық арасындағы тікелей өзара іс-қимыл болып

табылатын мемлекеттік емес ұйым. Қабылдауда көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік

осал топтарына жататын азаматтар келді. Олар тұрғын үй, мүгедектік алу және жұмысқа орналасу

мәселелерін көтерді. Барлық осы сұрақтар бойынша азаматтарға кеңес берілді. Ал олардың

кейбіреулері сол жерде жедел түрде шешілді.




Қабылдауда Қоғамдық кеңес мүшелері Ерік Меңсейітов, Сұлтан Медеубаев және секілді

әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі түрлі комитеттердің өкілдері болды. Олар қажетті кеңестер берді. Бұл функция Қоғамдық кеңестегі ең маңыздыларының бірі болып табылады.

Қабылдау санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Залдарда маскалар мен антисептикалық заттар қарастырылған. Қабылдау Қарағанды қаласы әкімдігінің Open Karaganda алаңында адамдардың саны шектеулі және қашықтықты сақтай отырып өткізілді.




Азаматтарды қабылдаудан басқа, қарағандылықтар Senim қызметі арқылы жауап ала алады.

Байланыс орталығы барлық мәселелер бойынша Қарағанды облысының тұрғындарынан өтініштер қабылдайды және тіркейді және оларды сапалы қаралуы үшін құзыретті органдарға жібереді.

ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты сенім 109 қызметі облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық толғандыратын мәселелері бойынша тұрғындармен өзара іс-қимыл жасау үшін жедел желіге айналды. Төтенше жағдай кезінде Орталық байланыс арналарын кеңейтіп, тағы 8 байланыс желісін қосты, себебі интернет жұмысында іркілістер болғанда, 109 сандық байланыс желілері аналогтық байланыс арналарына уақытша ауыстырылды. Қазіргі уақытта ауысымдағы операторлар саны 8-ден 16 операторға дейін артты. Операторлар тәулігіне 700-ге дейін қоңырау қабылдайды, ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап 6500-ден астам қоңырау қабылданды

Тұрғындар байланыс және интернет қызметтері, ТЖ режимі кезінде қозғалысты шектеу,

банкоматтарда ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстыру, трассалардың жабылуы/ашылуы, блок

бекеттер бойынша, коменданттық сағат кезеңінде ТЖ вокзалы мен әуежайдан жөнелту, ТЖ

режимі кезеңінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында, сондай-ақ тіршілікті

қамтамасыз етудің басқа да салалары мәселелері бойынша сауалдар қойды. Сондай-ақ қызмет

операторлары азық-түліктің, жанар-жағар май және газ бағасын негізсіз көтеру фактілері туралы өтініштер қабылдайды. Барлық шағымдар шаралар қабылдау үшін құзыретті қызметтерге беріледі.




Жоғары қарай