Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды маңында 40 жолаушы мінген автобус жол жиегіне ұшып кетті

2020 жылдың 28 қараша 2020 14:36

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды. Жол апаты кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қараша сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей жол апаты болды.

«Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген №121 маршруттағы «Санос» автобусымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан автобус жол жиегіне аударылып кеткен. Автобустың 65 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол - көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 40-қа жуық жолаушы болған» деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.






Жоғары қарай