Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

2020 жылдың 20 қараша 2020 14:53

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Мұрат Қатпанов тағайындалды. Бұрын ол осы бөлімде бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев таныстырды.




Мұрат Қатпанов 48 жаста. Ол Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Екі жоғары оқу орнын - Қарағанды педагогикалық институтын және Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облысының Азаматтық қорғаныс штабында халықты оқытуды дайындау бөлімінің оқытушысы лауазымынан бастаған. 1997 жылдан бастап ТЖ органдарында жұмыс істейді. 2005 жылы Қарағанды облысы ТЖД күштер мен құралдар бөлімін басқарды, 2008 жылы авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.


Жоғары қарай