Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қарағанды облысында 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 500 мыңға жуық адам өтініш білдірді

2020 жылдың 25 сәуір 2020 23:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік төлемге өтініш беріп, теріс жауап алған қарағандылықтар үміттерін үзбеуі тиіс. Билік әрбір жағдай жеке талданатынын мәлімдеді. Егер өтінімді негізсіз қабылдамаса, шешім қайта қаралатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов брифинг барысында мәлімдеді.

«Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына 42 500 теңге көлемінде төлемдер жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. 24 сәуірге дейінгі мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысы тұрғындарынан 475 587 өтініш келіп түскен. Бұл айтарлықтай сан. Оның ішінде 202 842 құжат қабылданған жоқ. 244 541 төлем тағайындалды», - деп атап өтті ол.

Әкім орынбасары әлеуметтік төлемдер алты санат бойынша тиесілі екенін еске салды. Мемлекеттік қызметшілер бұл тізімге енбеген. Көмек ТЖ режиміне байланысты жұмыстан шыққан және жұмыссыз қалып, табысынан айырылғандарға көрсетіледі.

Абзал Нүкенов өтініштері қабылданбағандарға келесідей мәлімдеме жасады.

«Кейбіреулер өтінімді негізсіз қабылдамады деп санайды. Біреулер екі жерде жұмыс істеді, сол себепті олардың өтініштері қабылданған жоқ. Барлық мәселелерді біз талдап, зерттеп жатырмыз. Күн сайын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен байланыс жасап отырмыз. Вице-премьер Ералы Тоғжанов барлық қабылданбаған өтініштер бойынша қайта тексеру жүргізуді тапсырды. Яғни барлық негізсіз бас тарту бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Әр адамнің өтінішін зерттейтін боламыз», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ол осы мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарласуды өтінді.

Облыс әкімінің орынбасары сонымен қатар өз қабылдау бөлмесінің телефонын айтты: (8-7212) 50-15-23.

Абзал Нүкенов жұмыс берушілерге өз қызметкерлеріне көмектесуге шақырды. Яғни жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілгені туралы мәліметтерді жедел түрде ұсынуларын сұрады.

Сонымен қатар әлеуметтік төлем қателікпен тағайындалып, оны қайтарып бергендерге алғысын білдірді.

«Бұл азаматтық жауапкершілік және адамдардың осы қаражат біреуге маңыздырақ екенін түсінгенін көрсетіп отыр», - деді ол.

Әлеуметтік төлем келесі санаттарға беріледі:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;

2) карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;

3) жеке тәжірибемен айналысатын адамдарға;

4) ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 774 бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

5) нысанасы салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;

6) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (коммерциялық емес ұйымдардың) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлеріне қолданылады.


Өтінімді қайда беруге болады:

egov.kz-тің «Электрондық үкімет» порталында бір реттік кілтсөздің көмегімен;

ҚР Еңбек министрлігінің 42500.enbek.kz сайты;

Telegram-бот Help42500 (қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін).

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің байланыс телефондары:

Қарағанды - (8-7212) 30-01-69, 30-02-28, 30-02-33, krggorsobes@mail.ru;

Балқаш - (8-71036) 7-79-62, 4-87-73, 4-23-25, blh_ozs@mail.ru;

Жезқазған - (8-7102) 76-77-84, 76-76-60, 76-79-92, jezgor1@mail.ru, gorsabes@mail.ru, baktykul.umirtaeva@mail.ru, zhez_cobes@krg.gov.kz, zhez_org@krg.gov.kz;

Қаражал - (8-71032) 2-65-44, 2-63-07, 2-62-84, karazhal_trud@mail.ru;

Приозерск - (8-71039) 5-49-40, nat.prio@mail.ru, prio_trud@mail.ru;

Саран - (8-72137) 7-68-05, 7-68-04, gu-ozisp-saran@mail.ru, sofiika82@mail.ru, larisakasak@rambler.ru, sar_ozsp@krg.gov.kz;

Сәтпаев - (8-71063) 7-22-80, 3-39-58, otdelzan81@mail.ru, a.utenova@karaganda-region.gov.kz;

Теміртау - (8-7213) 41-16-06, 91-16-96, sobes_temirtay@mail.ru;

Шахтинск - (8-72156) 3-65-73, 3-59-72, shahtinsk_ozsp@krg.gov.kz, shahtinsk_ozan@krg.gov.kz;

Абай ауданы - (8-72131) 4-81-12, 4-18-67, 4-67-63, osabay@mail.ru;

Ақтоғай ауданы - (8-71037) 2-12-90, 2-16-84, enbek2011@mail.ru;

Бұқар жырау ауданы - (8-72154) 2-21-85, 2-10-38, bjr_ozsp@krg.gov.kz, bgirau_sobes@mail.ru, bjr_ozsp@krg.gov.kz;

Жаңаарқа ауданы - (8-71030) 2-80-46, 5-00-05, 7-90-39, janaarkasobes_8@mail.ru, zhanaarkaotdelinv@mail.ru;

Қарқаралы ауданы - (8-72146) 3-18-36, karkara_otszn@mail.ru;

Нұра ауданы - (8-72144) 2-26-46, 2-26-55, 2-26-60, nura_trud@mail.ru;

Осакаров ауданы - (8-72-149) 5-13-74, ozisposak@mail.ru;

Ұлытау ауданы - (8-71035) 2-12-12, ulytau_sobes@mail.ru;

Шет ауданы - (8-71031) 2-15-83, 5-07-83, shetsobes@mail.ru ескерту.


Жоғары қарай