Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында 70 су нысаны тексеріледі

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 21:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында балық шаруашылығы су айдындарын паспорттау жүріп жатыр. Өңірде барлығы 70 су нысаны тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жұмыс аймақтағы су қоймаларын ұтымды пайдалану, балық шаруашылығын жүргізу және аква өсіндіні тиімді дамыту үшін жүзеге асырылады.

Паспорттау және (немесе) учаскелер - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жай-күйін, түрлік құрамын айқындау жөніндегі іс-шаралар кешені.

Қазіргі уақытта балық шаруашылығы су айдындарын паспорттауды жүргізу мақсатында ғылыми ұйымдар мемлекеттік сатып алу, қызмет көрсету шарттарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарына тексеру жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша балық шаруашылығы су айдындарының биологиялық негіздемелері мен паспорттары ұсынылатын болады.

Су айдындары балық шаруашылығын жүргізу үшін тиімді деп танылған жағдайда, су айдындары Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізіледі.

Сондай-ақ балық шаруашылығы қызметімен айналысқысы келетіндердің барлығы конкурсқа аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес қатыса алады.

Конкурстың өткізілетіні туралы хабарламамен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтынан және Қарағанды облысы әкімінің сайтынан танысуға болады.


Жоғары қарай