Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында 75 ауылдың әкімі сайланды, оның үшеуі - әйелдер

2021 жылдың 26 шілде 2021 16:03

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауылдық елді мекендер әкімін сайлауға 257 кандидат қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тікелей сайлау қорытындысы туралы айтып берді.

Ауыл әкімдерін сайлау 149 елді мекеннің 75 сайлау округінде өтті.

257 кандидаттың 79-ын саяси партиялар ұсынды: NurOtan – 61, «Ауыл» ХДПП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «ADAL» СП – 3 және ҚХП - 9 кандидат.

Қалған 178 кандидат - өзін-өзі ұсынғандар.

«75 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 81 540 азамат кірді, оның 61 846-сы дауыс беруге қатысты. Бұл - 75,85%. Сайланған 75 әкімнің 28-і - мемлекеттік қызметші. Оның ішінде 17 адам сол ауылдық округте қайта сайланса, жеті адам басқа ауылдық округтердің әкімдері болды», – деп атап өтті Ерқара Аймағамбетов.

Бес сайланған әкім - коммерциялық құрылымдардан, 17-і – бюджеттік ұйым қызметкері, біреуі уақытша жұмыс істемейді, үш әкім – әйелдер.

Сайланған әкімдердің 61-ін саяси партиялар ұсынды: Nur Otan – 56, «Ауыл» ҚХДП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 1, «ADAL» СП - 1.

Тағы 14 – өзін-өзі ұсынушылар.

«Осакаров ауданынан Аян Шәріпов 100% «оң» дауыс жинады. Ақтас және Дария кенттеріндегі сайланушылар арасындағы дауыста ең аз алшақтық болды. «Барлығына қарсы» ең көп дауыс саны (116) Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде тіркелді - 7%. Дауысты қайта есептеу жүргізілген жоқ», - деп қосты Еркара Аймағамбетов.


Жоғары қарай