Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағанды облысында 77 мың адам комқызметтерге төлем алды

2020 жылдың 2 шілде 2020 13:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коммуналдық қызметтер өтемақыларына төлемдер аудару науқаны аяқталды. Ол екі айға созылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Осы уақыт аралығында 77 мың тұрғынға электр, жылу және судың өтемақысын төлеуге көмек көрсетілді. Бірақ, бұл көмек түрі тиесілі тұтынушылар оны әлі де ала алады.

Айына 15 мың теңгеден барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге және ең төменгі зейнетақы алатындарға төленді. Өтемақы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына тиесілі болды.

Бұл қаражат коммуналдық қызметтерді жеткізуші компаниялардағы абоненттік шоттарға екі рет аударылды. Төлемдер сәуір-мамыр айларына есептелді. Облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жанынан ұйымдастырылған call-орталықтар 1 шілдеден бастап жұмысын тоқтатты.

Өтемақы тиесілі, бірақ қандай да бір себептермен оған жүгінбеген аймақ тұрғындары әлі де бұл көмекті ала алады. Ол үшін коммуналдық қызметтерді ұсынатын ұйымның абоненттік шоты болуы қажет. Ол өтініш берушіге немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшесіне ресімделуі мүмкін.

Төлемді алу үшін келесі телефондар мен электрондық пошта мекен-жайлары бойынша өтінім беруге болады:

Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғылы, 39, тел.: (8-7212) 42-39-87, otdel_zhil_otn@krg.gov.kz;

Балқаш қ., Уәлиханов к-сі, 5, тел.: (8-71036) 4-00-88, kommunal2020@mail.ru;

Жезқазған қ., Алашахан көшесі, 1, тел.: (8-7102) 73-63-66, 73-31-71, jkh_zhez@mail.ru;

Қаражал қ., Абай к-сі, 9, Сайдалы Сары Тоқа к-сі, 1, тел.: (8-71032) 2-64-74, 2-67-76, zhkh_karazhal2010@mail.ru;

Приозерск қ., Пушкин к-сі, 5, Пушкин к-сі, 16, тел.: (8-71039) 5-40-30, 5-29-20, 7-00-31, 5-32-39, 54719 jkh@mail.ru;

Саран қ., Жамбыл к-сі, 65, тел.: (8-72137) 7-39-14, saran_com@mail.ru;

Сәтбаев, қ. Сәтбаев даңғылы, 108, тел.: (8-71063) 3-44-34, 5-29-20, dorogi_satpayev@mail.ru;

Теміртау қ., Тәуелсіздік гүлзары, 9, тел.: (8-7213) 41-55-50, ozhkh_pt_ad@mail.ru;

Шахтинск қ., Қазақстан көшесі, 101, тел.: (8-72156) 5-46-77, 5-22-33, sh_15000@krg.gov.kz;

Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26, тел.: (8-72-131) 4-05-90, gkh_abayrai@mail.ru;

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 4, тел.: (8-71037) 2-11-90, aktogai-jkh@mail.ru;

Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылайхан көшесі, 39, тел.: (8-72154) 2-11-18, b-jirauakimat@mail.ru;

Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 1, тел.: (8-71030) 2-70-88, 2-83-85, zhanaarka_jkh@inbox.ru;

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Ә. Бөкейханов к-сі, 55, тел.: (8-72146) 3-22-53, jkhkarkar@mail.ru;

Нұра ауданы, Киевка кенті, Қ. Мыңбаев көшесі, 44, тел.: (8-72144) 2-26-27, jkh_nurinskii@mail.ru;

Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Достық (бұрынғы Новая), 33, тел.: (8-72149) 4-30-30, o.aldanysh@karaganda-region.gov.kz;

Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 27, тел.: (8-71035) 2-16-37, ulutau-akimat@mail.ru;

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай-жырау көшесі, 24, тел.: (8-71031) 2-21-86, jkh_shetsk@mail.ru.


Жоғары қарай