Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында 9 мыңға жуық медицина маманына вакцина салынады

2021 жылдың 28 қаңтар 2021 00:20

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы 1-ақпанда жаппай вакциналау жұмыстарын бастайды. Облыста бірінші кезеңде 9 мыңға жуық медицина маманына «Спутник V» вакцинасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, қазір өңірде вакциналау орталықтары дайындалып жатыр. Барлығы 115 кабинет ашылады. Вакциналау орталықтарында егуден кейінгі бақылау аймақтары бар. Препарат енгізілген сәттен бастап жарты сағат ішінде адам медийина мамандарының бақылауында болады. Содан кейін алты күн бойы вакцина алғандардың барлығын аудио және бейнеқоңыраулар арқылы учаскелік дәрігерлер қарайды.

Облыстың қалалары мен аудандарынан 500-ден астам медицина қызметкері оқытудан өтті. Ресейлік сарапшылар қарағандылық денсаулық сақтау мамандарына өздерінің тәжірибесі туралы кеңес беріп отыр.

Бұған қоса, «Спутник V» вакцинасына қатысты мәселелер мамандар арасында да талқыланды. Спикерлер құрамына вакцинаны тасымалдаумен айналысатын мәскеулік және петербургтік мамандар, сондай-ақ биолог және инфекционист дәрігерлер кірді.

Дәрігерлердің айтуынша, ресейлік «Спутник V» вакцинасы қауіпсіз. Бұл екі компонентті препарат, ол 21 күндік аралықпен енгізіледі. Әзірлеушілер аденовирустық векторларды негізге алды, олар 70-ші жылдардан бері қолданылып келеді және жақсы зерттелген. Механизм қарапайым: s тікен вирусы (сол «корона») көбею генінен айырылған аденовирусқа қосылады. Вакцина құрамында аденовирустардың екі түрі бар. Сондықтан ол екі кезеңде енгізіледі.

«Спутник V» вакцинасының логистикадағы ерекшеліктері бар. Оны тасымалдау кезінде -20° C температуралық режимді сақтау қажет, сондықтан тасымалдау белгіленген температураны 48 сағат бойы ұстап тұратын арнайы термоконтейнерлерде жүзеге асырылады. Олардың көлемі 80 литр болады. Температуралық режимді жазуды логгерлер жүргізеді. Кейіннен электронды деректер тіркеушісін компьютерге қосып, температураның ауытқуын бақылауға болады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы вакцинаны сақтауға арналған арнайы медициналық мұздатқыштарды сатып алды.

«Ресейде 2 млн-нан астам адам вакциналанды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Кейбір вакциналанған адамдарда тұмауға ұқсас синдром тіркелген, ол 2-3 күн ішінде өтеді. Бұл әлсіздік, ауырсыну, егу орнының ауыруы, дене қызуының көтерілуі. Бұл вирустық ауруларда кездесетін белгілер. Қазақстанда вакциналау тек ерікті негізде жүргізіліп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен қаржыландырылатынын атап өткім келеді», - деп хабарлады Бибігүл Төлегенова.

Вакцинаны 18 жастан 60 жасқа дейінгі ересектер ала алады. Басқа жас санаттары үшін сынақ әлі жүргізілген жоқ. Созылмалы аурулары бар адамдарды да вакциналауға болады, бірақ дерттің қауіпті кезеңінде емес. Сондай-ақ, егер адам алты ай бұрын КВИ-мен ауырса, бұл вакциналауға қарсы көрсеткіш болмайды. Иммунитеттің қандай мерзімге қалыптасатыны әлі белгісіз.

Дәрігерлер вакциналаудан 24 сағат бұрын және одан бір күн бұрын спортпен тым белсенді шұғылданудан, саунаға барудан және алкоголь ішуден бас тартуға кеңес береді.

Бірінші кезеңде Қарағанды облысында инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, жансақтау бқлімі, БМСК бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің 9 мың медицина қызметкерін егу жоспарлануда.

Наурыз айында вакцинаны бірінші санатқа кірмеген дәрігерлер, жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің педагогтары алады. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын, студенттерді және созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.


Жоғары қарай