Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау қалай өтуде

2021 жылдың 25 шілде 2021 12:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте 149 сайлау учаскесінде өтуде. Таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың 9% дауыс берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдина Апиева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау кезеңінде барлығы ауыл әкімдігіне 303 кандидат ұсынылып, 257 кандидат тіркелді», - деп атап өтті Мәдина Апиева.

Барлық сайлау учаскелерінде Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар жабдықталған. Барлық сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар орналастырылған, комиссия құрамы туралы қажетті ақпараттар келтірілген стендтер ресімделіп, телефондары көрсетілген.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Бүгінгі таңда сайлаушылар тізімінде 80 мыңнан астам азамат бар. Сайлау комиссияларының құрамында 952 мүше тіркелген.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында, сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясының сайтында, «сайлау» бөлімінде ұсынылған және ол әрбір екі сағат сайын жаңартылып отырады.


Жоғары қарай