Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында ауыл мектебінің үздік 200 оқушысы Myń bala ұлттық олимпиадасында бақ сынайды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 18:12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауыл мектептерінің 200 оқушысы Myń bala ұлттық олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Myń bala ұлттық олимпиадасы ауылдық жердегі дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Жыл сайын ауыл мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Жеңімпаздар еліміздің үздік оқу орындарында оқиды.

Осы жылы ақпан – наурыз айларында бірінші, сырттай кезеңі өтті. Ол қашықтан ұйымдастырылды. Ақпараттық-талдау орталық алты пән бойынша екі тоқсандағы үлгерім деректерін өңдеді. Бұл математика, жаратылыстану, информатика, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Нәтиже бойынша еліміздегі ауыл мектептерінің 5 мың үздік бесінші және алтыншы сынып оқушылары іріктелді.

Екінші, тікелей кезең өткізілетін уақыт карантинге байланысты екі рет ауыстырылды. Ұйымдастырушылар жаңа күнді белгіледі. Ақырғы тур Қарағанды қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 21-22 тамызда өткізу жоспарланып отыр.

Олимпиаданың мыңдаған жеңімпазы компьютерлік тестілеу арқылы анықталады. Логикалық және танымдық тапсырмалар орындау талап етіледі.

Қарағанды облысында екінші кезеңге 200 мектеп оқушысы өтті.

Жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуды ұсынады. Олимпиаданың барлық қатысушылары одан әрі оқуға және дағдыларын дамытуға арналған El Úmiti дамытушы онлайн платформаға тегін кіруге рұқсат беріледі.


Жоғары қарай