Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

2021 жылдың 12 қаңтар 2021 22:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы аумағында ескерту жарияланды. Автокөлік қозғалысы барлық бағыт бойынша жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты Қарағанды облысы ТЖД мамандары келесідей ескертулер жасады:

- елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;

- автожолдарда көлік құралдарының жиналуына жол бермеңіз;

- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда болыңыз.

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Дәрмен» мобильдік қосымшасында, әлеуметтік желілерде ТЖД ресми парақшаларында қолжетімді.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.


Жоғары қарай