Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында егіс науқанының қорытындысы сараланды

2021 жылдың 7 маусым 2021 18:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында егіс науқанының қорытындысышығарылды. Биылғы жылы жаздық егіс алқаптары, картоп пен көкөніс отырғызукөлемі артты. Фермерлер жоғары сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды көбірек қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егіс науқанына 1 884 ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысты. Бұл көрсеткіш

2020 жылға қарағанда 213 шаруашылыққа артық. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда жаздық егіс көлемі 40 мың гектарға артып, 1 млн 57 мың 700 гектарды құрады. Картоп 11 042 га, көкөніс 1 794 га аумаққа салынды. Жемшөп дақылдарының егістігі 15,9 мың га ұлғайды және 79,2 мың га құрады», – деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте.

Ол облыс шаруашылықтары сұрыптық жаңартуға көңіл бөлетінін атап өтті.

Мысалы, биылғы жылы жоғары репродукциялы тұқымдар барлық астық танабының 92%-на қолданылды. Дәнді дақылдар мен картоп отырғызуда элиталық тұқымдарды қолдану да артты.

Басқарма басшысының ақпараты бойынша, тұқым шаруашылығын қолдауға биыл 726 млн теңге бөлінді және бұл соманың басым бөлігі төленді.

Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, арамшөптер және зиянкестермен күресуге бюджеттен қаражат бөлінді.

Егіс науқанына 9 500-ден астам трактор, 229 егіс кешені және 5 556 сепкіш тартылды. Аграршылар 19 мың тонна арзандатылған дизель отынын алды.

Егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың 108 шаруашылығы «Кең Дала» және

«Егінжай» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несиелерді пайдаланды.

«Облыста егіс науқаны көзделген мерзімде аяқталды. Бұған ауыл шаруашылығы

кәсіпорындарын алдын ала дайындау, қолайлы ауа-райы ықпал етті. Енді бітік егін жинауға жағдай жасау керек. Ауыл шаруашылығы басқармасына қолдау көрсету бойынша кешенді шараларды қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.


Жоғары қарай