Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында қала тұрғындарының 98 пайызы орталық сумен қамтылған

2021 жылдың 29 қараша 2021 17:18

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында орталық сумен қала тұрғындарының 98% және ауыл тұрғындарының 89,9% қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік бағдарламалар өңірдің шалғай елді мекендерінде де су мәселесін шешуге көмектеседі.

Сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 35 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес келесі жылы Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталады. Бұл Жезқазған тұрғындарын Қожамсейіт кен орнынан сапалы сумен қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.




Биыл Сәтбаевты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Эскулинск су тартқышы іске қосылды.

Облыста газдандыру жалғасуда. Табиғи газ Қарағанды өңірі тұрғындарының 3 мың үйіне жеткізілді.

Жақында Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанның алғашқы абоненттерін газбен жабдықтауға қосу басталады. Тариф бір текше метр үшін 40,8 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Саран қаласына газ құбыры салынуда, жұмыстарды желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Наурыз айынан бастап Жаңаарқа, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында желілер құрылысы басталады.


Жоғары қарай