Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қарағанды облысында қар басқан 6 жолды тазартып жатыр

2020 жылдың 20 ақпан 2020 14:06

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының құтқарушылары өңірдегі жолдарда автокөліктерді қар құрсауынан шығару және адамдарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта өңірде 6 бағыт бойынша жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағанды облысы аумағындағы ауа райы тұрақталды. Таңертеңнен бастап 3 бағытта қозғалыс ашылды. Алайда, республикалық маңызы бар жолдардың 6 бағыты бойынша әлі де жол жабық, себебі аталмыш учаскілерде қарқынды түрде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр.




Облыстық ТЖД мәліметтеріне сай, қазіргі уақытта өткізу пункттерінде 397 техника тұр: 27 – қоғамдық, 257 - жүк, 113 – жеңіл көлік.

Ағымдағы жылдың 18-19 ақпаны аралығында өңір жолдарында 215 адам құтқарылды, оның ішінде 95 адам жылыту пункттеріне орналастырылды. Құтқару жұмыстарына 64 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жолдарды 224 техника мен 295 адам тазалауда.

Жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр, жағдай облыс және ТЖД басшылығының бақылауында.





Жоғары қарай