Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысында карантин шектеулері бойынша жаңа қаулы шықты

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 13:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс режиміне шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін шектеулер алынып тасталды. Бұл – салтанатты, естелік, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық объектілерінің (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес), бассейндердің қызметі.

«Қызыл» (жоғары эпидемиологиялық қауіп) аймаққа кірген областарда нысандарға келушілердің басым бөлігінде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда карантиндік шектеулер әлсіретіліп, нысандардың толымдығы 60% дейін арттырылады.

Осылайша, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарды жүзеге асыратындар үшін, қонақ үйлер, әуежайлар, теміржол, су және автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктері, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, банктер, сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап «көк» мәртебесі болған кезде кіру шектеусіз сақталады.

1000 шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауналар, моншалар, сауда желілерінің (азық-түлік емес) қызметіне шектеулер алынып тасталды, оларға кіру бейтарап «көк» мәртебесі бойынша да рұқсат.

«Қызыл» аймақтағы өңірде келішунің көк» мәртебесі болған жағдайда, толымдығын 60-қа жеткізбеу шартымен келесі нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі:

- балаларды сауықтыру ұйымдары;

- мейрамхана, кафе, кофеханалар, банкет залдары (мейрамхана, кафе түрі бойынша қызмет көрсету) түріндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда);

- боулинг;

- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармония, цирктер;

- компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары;

- 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес алаңды қамтамасыз ету кезінде лотерея клубтары мен лотереяны өткізудің өзге де нүктелері, букмекерлік кеңселер;

- балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) 1 адамға кемінде 10 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етілгенде, толымдылығы 60%-дан аспайды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай