Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында көлігімен жоғалған ер адамды іздестіруге тікұшақ тартылды

2021 жылдың 11 сәуір 2021 12:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында көлігімен көрші ауылға шыққан 63 жастағы ер адам 4 күннен бері іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан автокөлікпен Тассуат ауылына шыққан. Алайда межелеген жерге келмеген.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай