Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында коронавирус өршіп, әкімдік шұғыл шаралар қабылдап жатыр

2021 жылдың 28 маусым 2021 20:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус өршіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің сөзінше, осымен екінші апта бойына облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Қарағанды, Шахтинск, Теміртау және Абай аудандарында да вирус өршіп тұр. Сондай-ақ, инфекциядан көз жұму жағдайлары да орын алуда.

«Тек соңғы тәулікте ауру жұқтырғандардың саны 265-ке жетті. Осыған байланысты денсаулық сақтау ісіне баса назар аударылып отыр. Бірінші, тиісті ифрақұрылым әзірленді. Қазір ковидпен ауыратын науқастарды 26 аурухана қабылдайды. Біз төсек орын санын 4899-дан 6174-ке дейін арттырдық. Бос төсек орын қоры 76% құрайды. Эпидемиологиялық ахуалдың кез-келген өзгерістері жағдайында жедел іс-әрекет ету мақсатында тағы 26 госпиталь әзірленіп, консервацияланды.

Екінші. Инфекциялық стационарлардағы жұмысқа 2364 адам тартылды. Резервте 449 медицина қызметкері бар. Жедел медициналық жәрдем қызметінде 99 бригада құрылды. Қазір мамандардың бұл саны жеткілікті.

Үшінші. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ерекше бақылауда. 10 зертхана жұмыс істейді, олар ең жоғары жүктеме жағдайында қуатын тәулігіне 20 мың тестке дейін арттыруға әзір. Қазір біз тәулігіне 4-5 мың адамды сынақтан өткізіп жатырмыз. Бір жыл ішінде 26 КТ кабинеті ашылды. Ауру көрсеткіштерінің ең жоғары кезеңінде тәулік бойы тексеру режимі қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдар үшін қосымша 300 бірлік жабдық сатып алынды. Дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ-ның қоры 3 ай мерзімге әзірленді.

Төртінші. Вакциналау науқаны жалғасуда. 27 маусым мерзіміне 1-ші компонент 224 620 адамға, 2-ші компонент 146 654 адамға егілді. Бүгінгі күні облысқа «Спутник V», «КазВак», «КоронаВак» және Hayat-Vax вакциналарының жеткілікті мөлшері жеткізілді. 102 вакциналау пункті жұмыс істейді»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирусты болдырмаудың негізгі құралы - вакциналау. Қазір біз кәсіпорындарды жаппау және аймақ экономикасын тоқырауға ұшыратпау үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Сондықтан көпшілігімізге екпе алу өте маңызды. Осы арқылы біз алдағы айларда пандемиядан қорғанып, бұрынғы белсенді өмір салтына оралуға мүмкіндік аламыз.

«Сіздермен бірлескен іс-қимылдарымыз арқылы профилактикалық іс-шаралар мен вакциналау жұмыстары тиімді болады деп сенемін»,-деді облыс әкімі.


Жоғары қарай