Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелді

2020 жылдың 23 мамыр 2020 10:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелді, өсім (9,8%), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

22 мамырдағы мәліметке сәйкес ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 42 адамда COVID-19 вирусы анықталды.

Тіркелген адамдардың 12-сі скрининг барысында және 30-ы вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр.
22 мамырдағы ахуал бойынша Қарағанды облысында вирусты жұқтырған 472 адам анықталды, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 180 науқас жазылып шықты.


Жоғары қарай