Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында оқушылары коронавирус жұқтырған 6 мектеп карантинге жабылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 16:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мектептерінде коронавирустың тіркелуіне байланысты Қарағанды қаласының Октябрь ауданы, Теміртау қаласы, Осакаров және Ақтоғай аудандарының аумақтарындағы 6 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сырқаттанудың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген және жақын байланыста болған адамдардың шектеулі тобы анықталған Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының және Абай ауданының 20 мектебінде ауырып қалған оқушылар оқитын сыныптар онлайн оқи бастады.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға сәйкес аталған білім объектілерінде қорытынды дезинфекция ұйымдастырылды.

Жақын байланыстағылар арасында тексеру жүргізілді, мектеп оқушыларымен және қызметкерлерімен КВИ алдын алу мәселелері бойынша санитариялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Жоғары қарай