Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында өрт сөндіру бекеттерінің саны артпақ

2021 жылдың 17 шілде 2021 04:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өрт қауіпті кезеңнен өту, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бұл мәселелер ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысында талқыланды. Онлайн-кеңес Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 12 сәуірінен бастап облыс аумағында 137 дала өрті, 15 орман және 8 дала өрті тіркелді. Табиғи өрттердің басым бөлігі Ұлытау және Бұқар Жырау аудандарында болды», – деп хабарлады облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Отырыста ерікті өрт сөндіру құрамаларын жабдықтауға қатысты тапсырмалар берілді. Өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.




Шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті техникамен жабдықталған ТЖД алты құтқару бөлімшесі дайын режимінде жұмыс істеп жатыр.







Жоғары қарай