Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қарағанды облысында полиция бөлімі басшысының орынбасары сотталды

2019 жылдың 5 шілде 2019 17:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандыда пара алған полиция бөлімі бастығының орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облыстық департаменті Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин кенті полиция бөлімі бастығының орынбасары Ж. Мұсабековке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған болатын.

Ж. Мұсабеков А. Әмірбековадан оған қатысты қылмыстық істі қозғамау үшін 300 мың теңге мөлшерінде пара алған.

3 шілде күні Октябрь аудандық сотының үкімімен Ж. Мұсабековке 15 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін белгіледі. Егер айыппұл төленбесе, жаза бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады.

Бұдан бөлек, пара алған полицей өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Жоғары қарай