Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 08:57

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық шіркеу округінің өкілі Александр Угольков пандемия жағдайында Шоқыну мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне орай биыл шомылу орындарын дұға оқып тазарту іс-шаралары жүргізілмейді. Тиісінше, суға жаппай шомылу да болмайды.

Бұл ретте суды тазарту барлық ғибадатханалардың аумағында өтеді. 18 қаңтар күні түстен кейін су алу үшін шіркеуге келе беруге болады. Сондай-ақ су 19 қаңтарда таңғы сағат 08.00-ден кешке дейін таратылады. Тарату көшеде өтеді.

Шіркеулерге кіруге тыйым жоқ. Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің негізгі талаптарына сай маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау діни қызметкерлер үшін де, халық үшін де негізгі талап болып табылады.

Шіркеу өкілінің айтуынша, Шоқыну мерекесінде суға сүңгу шіркеудің емес - халықтың дәстүрі.

«Суға сүңгу - халық дәстүрі. Оған арнайы дайындалмаған адамдар үшін бұл қауіпті болуы мүмкін. Бұл ретте бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық маңыздырақ.

Бұрын бұл күні мұқтаж адамдарға бару, оларға көмек көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрі болған. Мереке бекер өтпеуі үшін бұл күні игі істер жасаңыздар», - деді протоирей Александр Угольков.

Шіркеу өкілдері мереке күні жаппай шомылуға тыйым салу шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.


Жоғары қарай